Бейбіт Жұқаев Пуэрто-Рикодағы турнирдің финалына шыға алмады
Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші, әлемнің 256-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Пальмас дель Мардағы (Пуэрто-Рико) "Челленджер" турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейбіт Жұқаев жартылай финалда америкалық Майкл Чженмен (әлемнің 1118-ракеткасы) кездесіп, 6:3, 3:6, 6:7 есебімен ұтылды. Осылайша, қазақстандық теннисші турнирді аяқтады.
Бейбіт Жұқаев осы турнирдегі алдыңғы матчтарында жапониялық Юта Симизуді (242-орын) 6:3, 6:4, америкалық Эван Чжуды (340-орын) 4:6, 7:5, 6:2 және канадалық Лиам Дракслды (617-орын) - 6:4, 6:3 есебімен ұтқан еді.
Турнирдің жүлде қоры - 80 000 доллар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript