Илья Ильин Владимир Седовтың отбасына қайғырып көңіл айтты
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Владимир Седовтың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"27 маусымда бүкіл қазақстандық және әлемдік ауыр атлетика үшін және, әрине, отбасы үшін орны толмас тағы бір ауыр қаза туралы естідім – әріптесім, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қатысушысы, 2009, 2014 жылдардағы әлем чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы әрі рекордсмені, ауыр атлет Владимир Седов дүниеден өтіпті. Өзімнің және отбасымның атынан Володяның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Сіздермен бірге қайғырып отырмын...", – деп жазды Ильин Instagram парақшасында.
Ол Володя 2014 жылы өз командасымен әлем чемпионатында өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алғанын атап өтті.
"Оның жеңісінің арқасында мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағын алдым. Бұл үшін мен оған алғысым шексіз. Өкінішке қарай, соңғы жылдары біздің жолымыз екіге айырылды, бірақ мен оны әрдайым спортшы ретінде, мықты тұлға ретінде құрметтедім". Илья Ильин
Илья Ильин Володяның жоғары деңгейде кәсіби маман, ақылды, дарынды адам болғанын, бапкер ретінде талай мықты зілтеміршілер мен чемпиондарды тәрбиелеуге мүмкіндігі болғанын атап өтті.
"Осындай қиын сәтте сынап, мінеп пікір жазғандарға айтарым: біреуді жазғырмас бұрын, оның аяқ киімін киіп, оның жолымен жүріп көріңіз... Володяның отбасына тағы да қайғырып көңіл айтамын", – деп жазды Ильин.
27 маусымда қазақстандық ауыр атлет Владимир Седовтың өз-өзіне қол жұмсағаны мәлім болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript