Қазақ боксшысы Астанада өткен халықаралық турнирде сенсация жасады

Елорда кубогы, Астана, сенсация, бокс, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2023 13:18 Сурет: Instagram/zhakpekov17
Қазақстандық боксшы Ермахан Жақпеков Астанада өтіп жатқан "Елорда кубогы" халықаралық турнирінде сенсация жасап, әлем чемпионын жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sports.kz сайтының жазуынша, 71 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жекте Жақпеков 2021 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ 2019 жылғы Азия вице-чемпионы жапондық Севон Окадзавомен кездесіп, төрешілердің басым даусымен (3:0) жеңіске жетті.

Ермахан Жақпеков "Елорда кубогы" турниріндегі алғашқы белдесуінде Тәжікстан өкілі Довуд Махамовты жеңді. Бұған дейін ол жастар арасында Азия чемпионы атанған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: