Жаңалықтар тізбегі
0

Иранда теннистен өткен беделді турнирде отандасымыз чемпион атанды

Даниал Рахматуллаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2023 14:49 Сурет: ktf.kz
Тегеранда (Иран) 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында бірінші санаттағы ITF Juniors сериясындағы беделді турнир өз мәресіне жетті. Қазақстан спортшылары жекелей және жұптық сында өз бақтарын сынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жекелей сында Ақтау теннис мектебінің түлегі Даниал Рахматуллаев жеңісті жұлып алды. Соңғы матчта ол жарыстың алғашқы ракеткасы - ресейлік Дмитрий Бурцевті 6:3, 6:3 есебімен ұтып, сенсация жасады. Жартылай финалда Даниал отандасы Әмір Омархановтан мықтырақ болып шықты (5:7, 6:3, 7:5).


Әмір Омарханов, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2023 14:49

Сурет: ktf.kz


Жұптық сында Әмір Омарханов болгар теннисшісі Иван Найденовпен бірге чемпион атанды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: