Жаңалықтар тізбегі
0

Тарихи турнир және жеңімпаз атағын қорғап қалу: Қазақстанда Red Bull Half Court басталғалы жатыр

Қазақстан, стритбол, Red Bull Half Court , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2023 17:23 Сурет: Виктор Магдеев
Қазақстанда стритболдан Red Bull Half Court әлемдік сайысының іріктеу кезеңін өткізуге дайындық жүріп жатыр.

16 шілдеден бастап, еліміздің бірнеше аймағында, жүздеген команда Қазақстанның чемпионы анықталатын финалдық турнирге қатысу құқығына ие болу үшін күш сынасады. Былтырғы сайыста Do Bro ұжымы үздік атанған еді. Осы топтың капитаны Ривхат, бұл жолы да жеңіске жететіндеріне сенімді.

"Биыл да, дәл былтырғыдай, алдымызға өте биік мақсат қойып отырмыз! Біздің командамыз ортақ идеяға негізделіп құрылған, ең басты күшіміз де сол! Біз жеңіске бірге жетеміз, жеңілсек те біргеміз! Әлемнің ең үздік командаларымен бірге, әлемдік аренада өнер көрсетуге мүмкіндік бергені үшін, ұйымдастырушыларға ерекше алғыс айтқым келеді. Турнирге үлкен жауапкершілікпен қараймыз: мұндай мүмкіндікке ие болу үшін, аянбай дайындалып, алаңда бар шеберлігіңді көрсете білуің керек! Бізге достарымыз бен жақындарымыз қолдау көрсетеді. Біз олардың үмітін ақтауға тырысамыз", - деді Ривхат.

Бір айта кетерлігі, биылғы турнирге әйел адамдар да қатысады. Қазақстанда алғаш рет, нәзік жандардан тұратын командалар да өзара күш сынасады. Квалификациялық сайыстар төрт қалада өтеді. Бұл шара 16 шілде күні, Алматы қаласында басталады. Сайыс алаңы әрі қарай, 23 шілдеде, Шымкент қаласына көшеді. Бір аптадан кейін, эстафетаны Астана мен Ақтау жалғастырады. Осы жерде айта кетейік, Шымкент пен Ақтау квалификациялық турнирді алғаш рет өткізгелі отыр.

Қазақстан, Red Bull Half Court , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2023 17:23

Сурет: Виктор Магдеев

Финалдық жарыс 12 тамыз күні, Астана қаласында өтеді. Оған ер адамдардан тұратын, квалификациялық жарыстарда жеңіске жеткен 8 команда мен қыздардан тұратын 4 мықты команда қатысады. Олар Сербияның Белград қаласында өтетін әлемдік чемпионатқа жолдама алу үшін күш сынасады.

Қазақстан, баскетбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2023 17:23

Сурет: Виктор Магдеев

Төрт адамнан тұратын команда жина да, стритболдан өтетін бірегей чемпионатқа қосыл! Red Bull Half Court – 3-ке 3 форматында, корттың бір жақ жартысында өтетін, ірі баскетбол турнирі. Осы бірегей жарыс әлемнің 20-дан аса елінде, бірнеше маусым бойы өтіп келе жатыр. 2023 жылы оған 20 000-нан аса адам қатысады деп күтілуде. Соның арқасында, Red Bull Half Court Жер бетіндегі ең ірі стритбол турниріне айналады.

Тіркеу ашылды!

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: