Мәдениет және спорт министрлігі әлем чемпионатын Қазақстанда өткізуге қатысты пікір білдірді
Сурет: Алматы әкімдігі
Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның әлем чемпионатын өткізуге өтінім беруді жоспарламайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрлік еліміздің 2034 жылы өтетін футбол чемпионатына қатысу жоспарында жоқ екенін жеткізді.
"ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қазақстандық футболды дамытуға ерекше назар аударады және осы бағытта жан-жақты қолдау көрсетеді. Алайда Қазақстанда футболдан әлем чемпионатын өткізу туралы мәселе қаралмағанын, тиісінше, чемпионатты өткізу үшін біздің еліміз өтінім беруді жоспарламағанын мәлімдейді", - делінген хабарламада.
Әлем чемпионатын Қазақстанда Өзбекстанмен бірге өткізу мүмкіндігі туралы мәлімдеме Орталық Азиядағы түркітілдес елдердің футбол қауымдастықтары басшыларының Қырғызстанда өтіп жатқан саммитінде айтылды. БАҚ турнирді бірге өткізу идеясын Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов көтерді деп жазды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript