Марк Цукерберг джиу-джитсудан көк белбеуге ие болды
Сурет: Instagram/zuck
Америкалық кәсіпкер Марк Цукерберг джиу-джитсудан белбеуді иеленді. Ол келешекте Илон Маскпен жекпе-жекке шығуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Цукерберг бұл жетістігі жайлы 23 шілде күні жариялады. Оны бразилиялық жекпе-жек өнеріне жаттықтырушы Дэйв Камарилло баулиды, жаттықтырушысы бесінші дан қара белбеуге ие болыпты.
"Жаттықтырушы Дэйв Камариллоны 5-дәрежелі қара белбеу алуымен құттықтаймын. Мен онымен бірге жаттығу арқылы күрес пен өмір туралы көп нәрсе білдім. Көк белбеуді иелену мен үшін мәртебе." Марк Цукерберг
Көк белбеу джиу-джитсуда екінші дәрежені білдіреді. Оны 16 жастан асқан, негізгі әдістерді меңгерген спортшы ала алады. Келесі күлгін түсті белбеуді алу үшін екі жыл күтуі керек. Ең жоғарғы дәреже - 10-деңгейдегі қызыл белбеу. Бразилиялық джиу-джитсудың негізі - күресу, ауыртатын және тұншықтыратын әдістер.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript