Мәдениет министрі әлем чемпионатын Қазақстанда өткізудің неліктен қажеті жоқ екенін түсіндірді
Сурет: Алматы әкімдігі
25 шілдеде үкімет отырысының кулуарында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Қазақстанға әлем чемпионатын өткізудің қажеті жоқ деп есептейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол әлем чемпионатын өткізу мәселесі күн тәртібінде тұрмағанын айтты.
"Объективті түрде қарайық. Бұл мәселемен жүйелі түрде айналысу керек. Ресми деректер бойынша Катарда өткен кейінгі әлем чемпионатына 200 миллиард доллар жұмсалғанын білеміз. Менің жеке пікірім, тек футбол емес, жастар спортын көтеріп, дамытуға да көңіл бөлуіміз керек."Асхат Оралов
Оның айтуынша, қазір министрліктің алдында спорт нысандарын түгендеу міндеті тұр. Қазақстанда бүгінде 43 мыңнан астам спорт алаңы бар. Министрлік адам денсаулығына зиянын тигізбес үшін олардың қайсысы іс жүзінде бар екеніне және қаншалықты заманауи және стандарттарға сай екеніне көз жеткізгісі келеді.
"Біз балалар мен жасөспірімдер спортын және бұқаралық спортты қолдауға баса назар аударамыз. Балалар дене шынықтырумен айналысуы керек. Бұл үшін қажет жағдайды жасауымыз қажет. Бәрін егжей-тегжейлі талдауға тура келеді. Қазірдің өзінде екі бағыт бойынша түгендеп жатырмыз., ресми құжатта және нақты өмірде не бар екенін көреміз. Содан кейін қай аймақта спорт нысатын, қай жерде сауықтыру нысанын, қай ауданға жеңіл атлетика нысаны жетпейтінін айтамыз. Қайсысын тезірек бастау керек екенін анықтаймыз".Асхат Оралов
Сонымен қатар ол Астана мен Алматыдағы Олимпиадаға дайындық орталықтары қашан салынып бітетінін айтты. Қазір оның айтуынша, Алматы облысындағы Олимпиадаға дайындау орталығы мен Ақмола облысында Ұлттық спорт университетінің құрылысы қайта жанданған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript