Попко, Евсеев және Орынбасар Президент кубогының екінші кезеңіне шықты

теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2023 22:00 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисшілер Президент кубогының келесі кезеңіне шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дмитрий Попко Астанадағы "Челленджерде" дебют жасады. Қазақстандық теннисші бірінші айналымда Түркия өкілі Корай Кирчиді 6:4, 4:6, 6:1 есебімен ұтты. Енді Попко турнирдің ширек финалына шығу үшін өзбекстандық Хумаюн Сұлтановпен ойнайды.

Президент кубогының былтырғы финалисі Денис Евсеев алғашқы раундта жаңазеландиялық Ажит Райды 6:4, 6:1 есебімен сенімді жеңді. Қазақстандық екінші айналымда израильдік Орел Кимхимен кездеседі.

19 жастағы Ислам Орынбасар бірінші айналымда әлемнің 616-ракеткасы үндістандық Эс Де Пражвал Девті 6:4, 1:6, 6:3 есебімен ұтты. Теннисшілер кортта екі сағаттан астам уақыт өткізді. Ислам жартылай финалдық жолдамаға жарыстың екінші ракеткасы жаңазеландиялық Бенжамин Локпен таласады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: