Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда бәрі ұнады – теннисші Лео Борг

теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2023 23:53 Сурет: ktf.kz
"Үлкен дулыға" турнирінің 11 мәрте чемпионы, швециялық Бьерн Боргтың ұлы, 20 жастағы Лео Борг Астанада өтіп жатқан Президент кубогі үшін "Челленджер" турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Швециялық теннисші алғашқы айналымда Беларусь өкілі Егор Герасимовқа есе жіберді - 5:7, 4:6.

"Бірінші матчта жеңілген, әрине, өкінішті, дегенмен бұл - теннис, көп тер төгіп, алға ұмтылу керек. Мен Астанаға келесі аптаға M25 турниріне қаламын. Қазақстанда алғаш рет болуым, бәрі өте ұнады. Бүгін уақыт болса, қаланың көрікті жерлерін аралаймын. Өткен жылы мұнда ATP 500 жарысы өтіп, әлемнің мықты теннисшілері жиналғанын білемін. Бұл ел үшін, теннисті кеңінен дамыту үшін өте керемет. Мені көпшілік Бьерн Боргтің ұлы ғана емес, ойыныма қарап та бағалайды. Бұрын тек мені әкеммен салыстыратын. Бұл, әрине, қалыпты жайт. Оның оғаш ештеңесі жоқ. Ең бастысы, алға басу керек". Лео Борг

Қазір Лео Борг рейтингте 391-орында. Кәсіби спортшы ретінде 2022 жылы Шарм-эль-Шейхте (Мысыр) ITF15 додасында үздік шықты. Сондай-ақ биыл Джакартада (Индонезия) ITF25 жарысында үздік шықты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: