Көкшетаулық қыз кешенді тесті тапсыруға той көйлегімен келді

қалыңдық, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2023 01:42 Сурет: instagram.com/ruslan_yemelbayev/
Көкшетаулық қыз кешенді тесті тапсыруға той көйлегін киіп және күйеу жігітін де ерте келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев парақшасында жазды.

"Кешенді тестілеуді тапсыру күні неке күнімен тұспа тұс келіп түсті. Бүгін Көкшетау қаласында магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге ерекше тестіленуші келді. Маңызды емтиханды жіберіп алмауды шешкен бақытты қалыңдықты тестілеуге күйеу жігіт қолдап келді. Жас жұбайларға зор махаббат пен ауызбіршілік, ал қалыңдыққа сәттілік тілеймін!", - деп жазды ол.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: