"Ювентус" бір жылға Еуропа чемпиондары кубогынан шеттетілді

"Ювентус", УЕФА, футбол, айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2023 09:23 Сурет: Instagram.com/juventus
"Ювентусқа" бір жылға 2023/24 жылғы Конференция лигасында ойнауға тыйым салынды. Бұған қоса клуб 20 миллион еуро айыппұл арқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
УЕФА айыппұлдың 20 миллионның 10 миллионы шартты екенін, бұл сома 2023, 2024 және 2025 жылдарға арналған есептер УЕФА клубтарын лицензиялау және қаржылық тұрақтылық ережелерінде анықталған талаптарға сай келмеген жағдайда өндірілетінін нақтылады.

Бұған дейін "Юве" мен УЕФА команданы Конференция лигасынан шығаруға келіскені мәлім болған еді. УЕФА өз кезегінде лицензиялау және қаржылық фэйр-плей ережелерін бұзу жөніндегі істі жабады. Ресми түрде бұл туриндіктер тарапынан кінәні мойындау жөнінде мәміле нұсқасы болады.

Келіссөздер тек УЕФА-ның өзі ашқан іске қатысты болды. Бұл Италия соттарында қаралып жатқан айыптарға қолданылмайды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: