Анна Данилина жұптық сайыста WTA-250 турнирінің чемпионы атанды

WTA-250, теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2023 17:35 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Александра Пановамен жұптасып, Гамбургте (Германия) өткен WTA-250 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Финалдық кездесуде Данилина мен Панова Мириам Колодзьежова (Чехия) - Анжела Куликов (АҚШ) жұбын 6:4, 6:2 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 13 минутқа созылды.
Анна Данилина биыл WTA-250 турнирінде алғаш рет жеңіске жетті.

Бүгін қазақстандық теннисші Денис Евсеев Астанада өтіп жатқан "Президент кубогының" финалына шықты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: