Анна Данилина Гамбургте WTA-250 турнирінің жартылай финалына өтті

Теннис, Гамбург, WTA-250 турнирі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2023 19:55 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Александра Пановамен дуэтте Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан WTA-250 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан-ресей жұбы ширек финалда австриялық теннисшілер Синья Краус пен Мелани Клаффнерді жеңді.

Данилина мен Панова оларды екі сетте 6:1, 6:3 есебімен жеңді.

Матч 52 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Данилина мен Панова екі брейк-поинт, үш қосарлы қателік жасады.

Дәл осы турнирде тағы бір жерлесіміз Юлия Путинцева жеңіліс тапты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: