Жаңалықтар тізбегі
0

Универсиада: таеквондошы Рита Бакишева Қазақстанға алғашқы алтынды сыйлады

Универсиада, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2023 23:52 Сурет: instagram.com/drs_kz/
Таеквондошы Рита Бакишева (46 келі салмақта) Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Дүниежүзілік жазғы универсиаданың чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы финалда тайбэйлік Хуан Ин-Сюаньды ұтты. Рита биыл таеквондодан Бакуде өткен Әлем чемпионатында ширек финалға дейін жеткен.

Бұған дейін Универсиадада Қазақстан құрамасының бірнеше атлеті күміс, қола медаль алды.

Олар: 

Күміс медаль

  • Ислам Сәтбаев, Константин Малиновский Малиновский, Никита Шахторин (нысана көздеуден ұлттық құрама);
  • Никита Чирюкин (тапанша, 25 м);
  • Елжана Тәниева (көркем гимнастика, доп);
  • Диана Тұрсынбек (садақ ату);
  • Елжана Тәниева (көркем гимнастика, лента).

Қола медаль

  • Сұңғат Жұбатқан (дзюдо, 66 келі);
  • Асқар Нарқұлов (дзюдо, 73 келі);
  • Ислам Сәтбаев, Константин Малиновский Малиновский, Никита Шахторин (нысана көздеуден ұлттық құрама);
  • Елжана Тәниева (көркем гимнастика, шығыршық);
  • Бекарыс Сәдуақас (дзюдо, 100 келі).

Қазір Қазақстан құрамасы жалпы есепте 10-орынға көтерілді. Ел спортшылары 1 алтын, 5 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: