Бүкіләлемдік жазғы универсиада: таэквондошы қызымыз топ жарды

Бүкіләлемдік жазғы Универсиада, Корея, таэквондо, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2023 09:14 Сурет: gov.kz
Чэнду қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік универсиаданың алғашқы алтынын Қазақстанға таэквондошы Рита Бакишева әкелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

 Астана әкімдігінің ресми сайтының жазуынша, қазақстандық Рита Бакишева 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Қытайдың Тайбэй өкілінен басым түсті.

Бұған дейін Елжан Таниева лентамен көркем гимнастикадан жеке жарыстарда күмісті жеңіп алған болатын.

Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынына он бір медаль түсті – бір алтын, бес күміс және бес қола.

Чэндудегі 31-Дүниежүзілік жазғы универсиада 8 тамызға дейін болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: