Елена Рыбакина енді әлемнің 3-ракеткасы емес
Сурет: wimbledon.com
29 жастағы америкалық теннисші Джессика Пегула Вашингтонда (АҚШ) өткен WTA 500 турниріндегі ойынының арқасында WTA рейтингінің үздік үштігіне оралады. Пегула 2022 жылғы Уимблдон чемпионы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны үшінші орыннан жылжытады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Рыбакина қазір 5465 ұпаймен үшінші орында, ал Пегула 5395 ұпаймен төртінші орында тұр.
Бұған дейін Джессика Пегула 4:6, 6:3, 6:4 есебімен 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы, украиналық теннисші Элина Свитолинаны ұтып, Вашингтондағы турнирдің жартылай финалына шыққан еді. Жарыстың финалына шығу үшін Джессика Пегула енді Грекия өкілі Мария Саккаримен кездеседі.
Айта кетейік, Рыбакина биылғы Уимблдоннан кейін WTA турнирлеріне әлі қатысқан жоқ. Қазақстандық спортшы Монреальда (Канада) өтетін WTA 1000 турниріне дайындалып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript