Қазақстанның екінші ракеткасы Монреальдағы турнирді жеңіспен бастады

Юлия Путинцева, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2023 16:03 Сурет: instagram.com/yulia_putintseva/
Қазақстанның екінші, әлемнің 60-ракеткасы Юлия Путинцева Монреальда (Канада) өтіп жатқан турнирдегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Путинцева турнирді іріктеу кезеңінің жартылай финалынан бастады. Ол онда канадалық, әлемнің 860-ракеткасы Миа Купреспен кездесті.

Қазақстандық екінші ракеткасы бірінші сетте 2:6 есебімен жеңіліп қалды, бірақ одан кейін есесін қайтарып, матчта жеңіске жетті. Кейінгі екі сетте есеп 6:2, 6:0 болды.

Юлия Путинцева іріктеудің финалында аустралиялық теннисші, әлемнің 114-ракеткасы Кимберли Бирреллмен кездеседі. Бұл матч 6 тамызда 23:30-да өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: