Елена Рыбакина туған күнінде Берлиндегі турнирді жеңіспен бастады

Елена Рыбакина туған күнінде Берлиндегі турнирді жеңіспен бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.06.2025 23:27 Сурет: instagram.com/wta
Қазақстандық теннисші, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Германияның Берлин қаласында өтіп жатқан WTA 500 турниріндегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытайлық теннисші, әлемнің 4-ракеткасы Чжэн Циньвэнь жарыстан шығып қалғандықтан, оның орнына "лаки-лузер" – америкалық Эшлин Крюгер (WTA рейтингісінде 33-орында) қатысты.

Рыбакина америкалық теннисшіні екі сетте жеңіп шықты – 6:3, 7:6. 

Қазақстандық теннисші бұған дейін де биыл Крюгермен кездескен. АҚШ-тағы Майами турнирінде америкалық спортшы сенсация жасап, Рыбакинаны үш сетте жеңген еді – 6:4, 2:6, 6:4.

Келесі айналымда Елена чехиялық Катерина Синяковамен (74-орын) кездеседі. Айта кетейік, Синякова – жұптық сында әлемнің бірінші ракеткасы.

Берлин турнирінің биылғы жүлде қоры – 925 661 еуро. Жеңімпаз 142 610 еуро мен 500 рейтингтік ұпай иеленеді.

Айта кетейік, 17 маусым күні Елена Рыбакина 26 жасқа толды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: