Жаңалықтар тізбегі
0

Килиан Мбаппенің "ПСЖ"-ның негізгі құрамымен жаттығуына рұқсат етілмеді

Футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2023 18:15 Сурет: Instagram/k.mbappe
Француздың "ПСЖ" футболшылары Азия турынан оралып, жаттығуға кірісті. Алайда, бұл тізімде, сондай-ақ Азия бойынша "саяхатта" да жетекші шабуылшы Килиан Мбаппе көрінбейді. Ол, әзірге келісімшарты аяқталған ойыншылармен бірге жаттығып жүр екен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Футболшының мұндай жазаға ұшырауының басты себебі - Париж клубы басшылығына оның арадағы келісімшартты ұзартуға ниетті болмауы ұнамаған.  Ашуға мінген ПСЖ егесі Насыр әл-Хелаифи Мбаппені негізгі команда сапына қосудан бас тартты. Ол Килиан өзіне опасыздық жасады деп санайды және оны кешіргісі де жоқ. 

ПСЖ Мбаппесіз Жапония мен Кореяға гастрольдік сапарда төрт жолдастық кездесу өткізіп, екеуінде жеңіліске ұшыраса, бір рет тең түсті, тағы бір жеңісі де бар. Париждіктердің испан тәлімгері Луис Энрике форвардқа арқа сүйеп, оны команда сапында қалдырғысы-ақ келеді, бірақ клуб басшылығы бұл шешімге рұқсат бермеді. Сондықтан Мбаппенің 12 тамызда өтететін "ПСЖ"-"Лорьян" кездесуіне қатысу-қатыспауы белгісіз. 


Футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2023 18:15

Сурет: Instagram/k.mbappe


Париж суперклубының әкімшілігі Мбаппеге қатысты ұстанымдары қандай екендігі әлі түсініксіз екенін аңғартып үлгерді. Оны жіберсе, бір жағынан клубтық жобаны бұғаттайды, ал екінші жағынан негізгі бәсекелесті күшейте түседі. Париждіктер футболшының 2024 жылдың жазына қарай "Реалмен" келісімшартқа отыратындығына сенімді.

Қазір "ПСЖ" Мбаппенің жағдайы бойынша ФИФА-ға ресми түрде шағым түсіру мүмкіндігін қарастырып жатыр. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: