UFC дебютанты Асу Алмабаев елге келді

UFC, Асу Алмабаев, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2023 11:32 Сурет: Instagram/darteam.kazakhstan
6 тамызда UFC-де жарқын дебют жасаған жекпе-жек шебері Асу Алмабаев Алматыға оралды. Оны әуежайдан туыстары, жақын достары мен жанкүйерлері күтіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әуежайына спортшыны қарсы алушылар көп жиналды. Оны достары мен жанкүйерлері күтіп тұрды, кездесу көңілді ән мен құттықтауларға ұласты.

Асу Алмабаев 8 тамыз күні таңертең Нэшвиллден (АҚШ) келді, екі күн бұрын ол әйгілі UFC промоушенінде жеңіске жеткен еді. "Зульфиқар" ESPN 50 бойынша UFC турнирінде ямайкалық Оде Осборнды екінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.

Қазақстандық спорты үшін бұл мансабындағы 18-жеңісі болды. UFC-дегі жарқын дебюті үшін Алмабаевқа UFC on ESPN 50 турниріндегі үздік өнері үшін қосымша бонус берілді. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: