Андрей Голубев Баня-Лукадағы "Челленджер" турнирінің финалында ойнайды

Андрей Голубев, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2023 10:45 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Баня-Лукадағы "Челленджер" турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Zakon.kz.

Андрей Голубев украиналық теннисші Денис Молчановпен бірге жартылай финалда чехиялық Петр Ноуза мен германиялық Константин Франценмен ойнады.

Қазақстандық-украиналық жұп қарсыластарын 6:3, 6:2 есебімен жеңді.

Енді Голубев пен Молчанов финалда румыниялық-аустриялық жұп Виктор Влад Корня мен Филипп Освальдпен ойнайды.

Матч ертең, 12 тамызда Астана уақытымен 18:30-да өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: