Ева Корышева Бельгияда өткен жасөспірімдер арасындағы беделді турнирдің жеңімпазы атанды

Ева Корышева, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2023 12:59 Сурет: ktf.kz
Ева Корышева Бельгияда өткен жасөспірімдер арасындағы беделді турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбелік Ева Корышева Хассельт қаласында (Бельгия) өткен Tennis Europe сериясының бірінші санатындағы Young Champions Cup (14 жасқа дейінгі ойыншылар) жасөспірімдер арасындағы беделді және ең үлкен турнирдің жеңімпазы атанды.

Финалда 14 жастағы қазақстандық спортшы түрік теннисшісі Зумра Балканды 6:2, 7:5 есебімен ұтты.

Жартылай финалдық кездесуде Ева бесінші нөмірлі ойыншы, польшалық Барбара Кочетканы 6:3, 7:6 есебімен сенімді жеңді.

Ширек финалда жарыста жарыстың үшінші ракеткасы, 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлемнің 18-ракеткасы, хорватиялық Анна Петковичтен жеңісті жұлып алды. Есеп - 6:4, 4:6, 6:1.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: