Цинциннатидегі WTA және ATP турнирлерінің жартылай финалистері белгілі болды

Ига Швентек, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2023 15:50 Сурет: instagram.com/cincytennis
АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA және ATP 1000 сериясындағы турнирлердің жартылай финалистері белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелдер арасында турнирдің жартылай финалында әлемнің бірінші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек пен әлемнің жетінші ракеткасы, америкалық теннисші Кори Гауфф ойнайды. Бұл кездесу Астана уақытымен 21:00-де өтеді.

Ал екінші жартылай финалдық матч Астана уақытымен 23:30-ға жоспарланған. Онда әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенко мен әлемнің 17-ракеткасы, чехиялық теннисші Каролина Мухова ойнайды.

Ал ерлер арасындағы жартылай финалдық матчта әлемнің бірінші ракеткасы Карлос Алькарас ойнайды. Оның қарсыласы - польшалық теннисші Хуберт Хуркач. Матч Астана уақытымен ертең, 01:00-де өтеді.

Ал әлемнің екінші ракеткасы Новак Джокович жартылай финалда германиялық теннисші Александр Зверевпен кездеседі. Бұл матч ертең, 04:00-ге жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: