Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда қанша адам спортпен айналысады

спорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2023 10:51 Сурет: pixabay
Қазақстанда бүгін, 20 тамызда Спорт күні атап өтіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, бүгінде әрбір үшінші қазақстандық немесе 7 млн 587 мың адам спортпен айналысады. Бұл жалпы халық санының 38,5%-ы. Оның ішінде 258 мыңнан астам бала мен жасөспірім 800-ден астам балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубтарында спортпен шұғылданады.

Кейінгі 3 жылда спортпен және дене шынықтырумен айналысатын ерекше қажеттіліктері бар адамдардың саны 25,3%-ға өсіп, 51 325 адамға жетті.Ал, 584 мыңға жуық адам ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысады. Жалпы республика бойынша 43 мыңнан астам спорттық ғимарат болса, оның 23 мыңнан астамы – ауылдық жерде орналасқан.

Биыл 113 жаңа спорттық нысан салу, 20 спорттық нысанды реконструкциялау, 6 жұмыс істеп тұрған спорт объектілерін жете жарақтандыру бойынша жұмыс басталды.

"Республикада жыл сайын 1,2 млн адамды, оның ішінде ауылдық жерлерде 500 мың адамды қамтитын, әртүрлі деңгейдегі 25 мыңнан аса спорттық-бұқаралық іс-шара тұрақты түрде өткізіледі. Әсіресе, соңғы жылдары жүгіру, марафондар, велошерулер мен веломарафондар, спорттық фестивальдар, отбасылық жарыстар, жаппай сырғанаулар танымал бола бастады. Наурыз айында Мәдениет және спорт министрлігі Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті. Министрлік 2030 жылға қарай дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын қазақстандықтардың үлесін жалпы халық санының 50%-на дейін жеткізуге ниетті. Ол үшін азаматтарымызды спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бағытында қарқынды жұмыс жүреді".Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: