Аружан Сағандықова WTA рейтингінде тағы да 87 саты жоғары көтерілді

WTA жеке және жұптық сындағы спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Елена Рыбакина төртінші орында қалды. Юлия Путинцева бұрынғысынша 79-орында тұр.
18 жастағы Аружан Сағандықова рейтингіде тағы да көтерілді. Ол алдыңғы аптада ғана 958-орында болса, қазір 871-орында тұр (+87).
Жұптық сында Анна Данилина тағы да екі сатыға төмендеп, 28-орынға тұрақтаса, Жібек Құламбаева 178-орынға жайғасты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript