Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысы Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалыстың мерейтойын атап өтті

Ұлттық Олимпиада комитеті, Ақмола облысы, Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалыс, 30 жыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2023 20:23 Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті ұйымдастырған мерейтойлық спорттық іс-шаралар өз жалғастығын табуда. Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалыстың 30 жылдық мерейтойын тойлау эстафетасы бұл жолы Ақмола облысына бұйырды.

Ақмола облысы спорт таланттарына бай. Бұл ретте Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен шаңғышы Владимир Смирновтың ұлы жеңістерін еске түсіру де жеткілікті. Атақты қазақстандық ауыр атлет Анатолий Храпатый да Олимпиада чемпионы атанған болатын. Олимпиада жеңісі тұғырына Анна Нұрмұхамбетова (ауыр атлетика) да көтерілген еді. Бокстан әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов пен Әлем чемпионатының жеңімпазы Дмитрий Гааг (триатлон) та  Ақмола облысынан болады.

Арнайы іс-шара аясында 30 жыл ішінде Қазақстан Республикасындағы олимпиадалық қозғалыстың дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер мен спорт қайраткерлеріне, көрнекті спортшылар мен жаттықтырушыларға құрмет көрсетілді. Олардың әрқайсысы қазақстандық спорт тарихына өз таңбасын қалдырды. 

Мерейтойлық медальдар мен дипломдар триатлоннан Әлем чемпионы Дмитрий Гаагқа, Олимпиада ойындарына қатысушы шаңғышылар - Владимир Борцовқа, Евгений Величкоға, Алина Коломиецке, Валерия Тюленеваға, Александр Червяковқа, титулды шорт-тректен әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпазы Денис Никишаға, триатлоннан белгілі жаттықтырушы Юрий Соловьевқа, шаңғы жарысынан атақты жаттықтырушы Альберт Смагинге табысталып, марапатталды.


"Мен өзім таңдаған спорт түрін жақсы көремін. Оның біздің елімізде танымал болғанын да қалаймын. Сондай-ақ менің мақсаттарымның бірі - Қазақстанда шорт-тректің дамуына өзіндік үлес қосу. Менің немерелерім барлығына атасы Олимпиада чемпионы екенін айтып жүргенін қалаймын. Ал мұның бәрі болатын нәрсе. Ұлттық Олимпиада комитеті бізге қолдау көрсетіп, ұдайы жағдай жасайды. Сондықтан біздің ортақ жеңістеріміз көп күттірмейтініне сенімдімін. Олимпиадалық қозғалысқа қатысқандардың барлығын мерейтоймен құттықтаймын", - деді Денис Никиша.


Алдағы онкүндікте ҚР ҰОК делегациясы мерейтойлық іс-шаралар шеңберінде Қазақстанның барлық өңіріне сапарлауды жоспарлап отыр. Салтанатты акциялар атақты спортшылардың, ардагерлер мен спорт қайраткерлерінің қатысуымен өтеді.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті (ҚР ҰОК) 1990 жылы 3 ақпанда құрылды. 1992 жылы ҚР ҰОК ресми тіркеліп, 1993 жылы Халықаралық Олимпиадалық комитетінің мойындауына ие болды.

ҚР ҰОК тәуелсіз қоғамдық ұйым болып табылады. ҚР ҰОК өз қызметінде ХОК Олимпиадалық хартиясын, Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және ҚР ҰОК Жарғысын басшылыққа алады. ҚР ҰОК миссиясы Олимпиадалық қозғалысты дамыту және қорғау, олимпиадалық құндылықтарды – Қазақстан Республикасының аумағында сыйластық, достық пен кемелдікті ілгерілету болып табылады. Ұлттық Олимпиада комитетінің тағы бір мақсаты-жоғары дәрежелі қазақстандық спортшыларды Олимпиада ойындарына қатысуға дайындау арқылы Қазақстан Республикасының Жоғары жетістіктер спортын дамыту. ҚР ҰОК тұңғыш Президенті Тимур Досымбетов болды. 

Қазіргі басшысы - Тимур Құлыбаев.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: