Жаңалықтар тізбегі
0

Әлем чемпионатына қатыспауды жөн санаған Никола Йокич Отанында "шайқап жүр"

Никола Йокич, әлеуметтік желі, концерт, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2023 01:02 Сурет: видеодан алынды
Әлем чемпионатына қатыспауды жөн деп тапқан Денвер Наггетс пен Сербия құрамасының шоқ жұлдызы Никола Йокич өз Отанында уақытын тамаша өткізуде. Желіде спортшының Сербиядағы танымал әншінің концертінде көңіл көтеріп, би билеген сәтінің видеосы пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, Никола Йокич 2023 жылғы Ұлттық баскетбол қауымдастығының (НБА) соңғы плей-офф сериясының MVP ретінде танылған. "Денвер Наггетс" финалда "Майами Хитті" ұтып кетіп, тарихтағы алғашқы титулын жеңіп алды.

Баскетболдан әлем чемпионаты Жапонияда, Индонезияда және Филиппинде өтіп, 10 қыркүйекте аяқталады.

Сербия Филиппинде топтық кезеңдегі матчтарын өткізеді. Сербияның қарсыластары Қытай, Оңтүстік Судан және Пуэрто-Рико болмақ.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: