Жаңалықтар тізбегі
0

"Астана" командасының Конференция лигасының топтық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

"Астана" командасы, Конференция лигасының топтық кезеңі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2023 20:57 Сурет: Twitter/fc_astana
Бүгін, 1 қыркүйекте Монакада қазақстандық "Астана" командасының қатысуымен өтетін футболдан UEFA Конференция лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеребе қорытындысына сәйкес, елордалық команда С тобында сынға түседі. 

Қорытынды:

А тобы: "Лилль" (Франция), "Слован" (Чехия), "Олимпия" (Словения), "Клаксвик" (Фарер аралдары).

В тобы: "Гент" (Бельгия), "Маккаби Тель-Авив" (Израиль), "Заря" (Украина), "Брейдаблик" (Исландия).

С тобы: "Динамо Загреб" (Хорватия), "Виктория Пльзень" (Чехия), "Астана" (Қазақстан), "Балкани" (Косово).

D тобы: "Брюгге" (Бельгия), "Будё-Глимт" (Норвегия), "Бешикташ" (Түркия), "Лугано" (Швейцария).

E тобы: "Алкмаар" (Нидерланд), "Астон Вилла" (Англия), "Легия" (Польша), "Зриньски" (Босния және Герцоговина).

F тобы: "Ференцварош" (Венгрия), "Фиорентина" (Италиия), "Генк" (Бельгия), "Чукарички" (Сербия).

G тобы: "Айнтрахт" (Германия), ПАОК (Грекия), ХИК (Финляндия), "Абердин" (Шотландия).

Н тобы: "Фенербахче" (Түркия), "Лудогорец" (Болгария), "Спартак Трнава" (Словакия), "Нордшелланн" (Дания).

Топтық кезеңнің алғашқы ойыны 21 қыркүйекте өтеді.

Топтық кезеңнен суырылып шыққандар бірден 1/8 финалға өтеді. Екінші орындағылар Еуропа лигасының топтық кезеңінде үшінші орын алған сегіз командамен ойнайды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: