WTA-125: Жібек Құламбаева жекелей сында жеңіліске ұшырады

Жібек Құламбаева, теннис, WTA-125 , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2023 18:03 Сурет: ktf.kz
Бари (Италия) қаласында WTA-125 санатында теннистен ірі турнир өтіп жатыр. Отандасымыз Жібек Құламбаева жарыстың бірінші айналымындағы ойындарын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнирдің екінші айналымына жолдама беретін соңғы матчта Қазақстан теннисшісі ресейлік Полина Кудерметовадан 1:6, 5:7 есебімен ұтылып қалды. Бұрын қос спортшы бір-бірімен кездеспегенін баса айта кетелік.

Ойын 1 сағат 20 минутқа созылды.  

Енді отандасымыз француз теннисшісі Кароль Моннемен бірге осы жарыста жұптық сында ойынын жалғастыратын болады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: