US Open-2023: Елена Рыбакинаны балағаттаған теннисші ұтылып қалды

Теннис, Елена Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2023 01:58 Сурет: pixabay
Нью-Йоркте теннистен 2023 жылғы АҚШ-тың ашық чемпионатында әйелдер арасындағы жекелей сында турнирдің бірінші ширек финалы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жартылай финалға шығу үшін латвиялық теннисші Елена Остапенко (WTA рейтингінде 21-ші) мен әлемнің алтыншы ракеткасы Кори Гауф өзара бақ сынасты. Матч 1 сағат 9 минутқа созылып, 6:0, 6:2 есебімен аяқталды. Жеңіс Гауфтың еншісінде, деп хабарлайды Sports.kz.

Жартылай финалда Кори Гауф Сорана Кырстямен (Румыния) — Каролина Мухова (Чехия) кездесуінің  жеңімпазымен ойнайтын болады.

Айта кетсек, Елена Остапенко осы жылдың мамыр айында Римдегі турнирде қазақстандық Елена Рыбакинаны (WTA рейтингінде 4-ші орын) марапаттаған кезде "ерекше" көзге түсті. Рыбакина алаңнан кетіп бара жатқанда ол оның артынан айқайлап, балағаттаған. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: