Кукушкин мен Скатов US Open турнирінің іріктеу кезеңін сәтті бастады

Михаил Кукушкин, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2023 22:11 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисшілер Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатында алғашқы іріктеу кездесулерін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Михаил Кукушкин алғашқы айналымда италиялық теннисші Маттиа Беллуччимен кездесіп, екі сетте 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Енді Кукушкин іріктеу кезеңінің келесі айналымында франциялық теннисші Энцо Куакомен ойнайды. Матч ертең, 24 тамызда Астана уақытымен 21:00-де өтеді.

Ал Тимофей Скатов жапониялық Каичи Учиданы 6:2, 6:2 есебімен оңай жеңді. Скатов енді италиялық теннисші Рауль Бранкаччомен кездеседі.

АҚШ ашық чемпионатының іріктеу кезеңі 22-27 тамыз аралығында өтеді. Іріктеу кезеңінің бірінші айналымында жеңіске жеткен теннисшілерге 22 мың АҚШ доллары, екіншісінде ұтқандарға 34,5 мың, ал финалды еңсергендерге 45 мың АҚШ доллары беріледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: