Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңа спорт министрі қазақстандық футболшылардың кешегі жеңілісіне пікір білдірді

Спорт және туризм министрлігі, футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2023 10:08 Сурет: Telegram/Ermek_Marzhyqpaev1
2023 жылғы 7 қыркүйекте көптен күткен футбол матчы өтті. Алайда Қазақстан Финляндияға есе жіберді. Жаңа туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қазақстандық футболшылардың жеңілісіне пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шенеунік матчтан суреттер жариялап, Instagram парақшасында ойынға қысқаша түсініктеме беріпті.

"Өкінішке қарай бүгін біздің команда жеңе алмады, бірақ бұл – спорт, онда жеңіс пен жеңілістер қатар жүреді. Спортшыларымыз соңғы сәтке дейін барын салғанын атап өтемін. Нәтижеге қарамастан, команда лайықты ойын көрсетті".Ермек Маржықпаев

Ол стадионды толтырған жанкүйерлерге ризашылығын білдірді.

"Стадионды толтырған жанкүйерлерді бөлек атап өткім келеді. Қолдау жоғары болды. Солтүстік Ирландиямен ойында да осындай ыстық қолдау болады деп үміттенемін".Ермек Маржықпаев
"Ал біздің жігіттерімізге жексенбілік матчта жеңіс тілеймін. Біз сіздермен әрқашанда біргеміз!", – деп жазды спорт министрі.

Кеше, яғни 2023 жылғы 7 қыркүйек күні "Астана Арена" стадионында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Финляндия құрамалары арасында көптен күткен футбол ойыны өтті. H кіші тобының көшбасшыларының текетіресі Финляндия құрамасының жеңісімен аяқталды. Есеп: 1:0.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: