Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан-Солтүстік Ирландия: Айымбетов бүгінгі ойынға қатысты пікірімен бөлісті

Абат Айымбетов, Солтүстік Ирландия, футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2023 11:38 Сурет: kff.kz
Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Еуро-2024 іріктеу турнирі аясында Солтүстік Ирландиямен арада өтетін ойынға қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Көңіл-күй жақсы. Ертең жақсы ойын көрсетіп, жеңіске жетуге тырысамыз. Ойынға дайынбыз. Қазақ халқымыз күтіп отырғанда, әр футболшымыз жүрегімен ойнаса, елімізді әлі талай қуантамыз деп ойлаймын", - дейді Қазақстан футбол федерациясы жариялаған сұқбатында Абат Айымбетов.


Сондай-ақ, Аймбетов алдыңғы ойында соққан өз голын еске алып, осы матчта да командасының жеңіске жету үшін бар күшін салуға уәде берді.

"Голды көріп көріп болдық қой (Солтүстік Ирландияға қарсы өткен ойында). Кешегі күнмен өмір сүрмейміз, өмір жалғасып жатыр. Халқымызға осындай қуанышты тағы неге сыйламасқа? Бар күшімізді ертеңгі ойынға салып, жанкүйерлерімізді қуантамыз деген ойдамыз". Абат Айымбетов


Қазақстан құрамасының Солтүстік Ирландияға қарсы ойыны 10 қыркүйек күні сағат 19:00-де болады. Бұл күні "Астана Арена" стадионына қатынайтын қоғамдық көліктер күшейтілген режимде жұмыс істейді. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: