Жаңалықтар тізбегі
0

Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны ұтты

Қазақстан футбол құрамысы, Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі, Солтүстік Ирландия, футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2023 09:00 Сурет: Тwitter/kzsbornaya
Белфастта өткен футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы кездесуде Қазақстанның құрама командасы Солтүстік Ирландиямен ойнады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Ирландия құрамасымен ойын Қазақстанның жеңісімен аяқталды. 88-минутта матчтағы жалғыз голды қазақстандық футболшы Абат Айымбетов салды.

Кездесу аяқталуға санаулы минуттар қалғанда алаңға шыққан Абат Айымбетов допты қарсыластар алаңында қабылдап, Солтүстік Ирландия құрамасының қорғаушыларын айналып өтіп, гол салды.


Осылайша төрт ойыннан кейін Қазақстанның қоржынында тоғыз ұпай бар. Келесі ойынды Қазақстан құрамасы Финляндиямен, одан кейін екінші ойынды Солтүстік Ирландиямен өткізеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: