Жаңалықтар тізбегі
0

Еуро-2024 іріктеу кезеңі: Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны жеңді

Қазақстан құрамасы, футбол, Солтүстік Ирландия, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2023 21:00 Сурет: Instagram/akordapress
10 қыркүйекте футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі H кіші тобының алтыншы туры ойындары тізгін қақты. Астанада өз алаңында Солтүстік Ирландия құрамасын қабылдаған Қазақстан 1:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша Қазақстан құрамасы өз тобында екінші орынға қайта жоғарылады.

Қазақстан құрамасы ойынның алғашқы секундтарында-ақ 30 мың орындық толы аренаның, оған қоса осы матчқа арнайы келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен атақты боксшы Геннадий Головкиннің қолдауын жақсы сезінді. 


Астана арена, Қасым-Жомарт Тоқаев, Геннадий Головкин, Қазақстан, Солтүстік Ирландия, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2023 21:00

Сурет: Instagram/akordapress


Аса маңызды әрі жауапты матч жасағын құрама тәлімгері ең тәжірибелі футболшылардан түзді: Игорь Шацкий, Еркін Тапалов, Марат Быстров, Александр Марочкин, Нұралы Әліп, Роман Вороговский, Бахтияр Зайнутдинов, Абзал Бейсебеков, Асхат Тағыберген, Рамазан Оразов және Максим Самородов.

Алаң иелері матчтың 19-шы минутынан бастап ойын өрнегін біртіндеп өрістетіп, өз артықшылықтарын айқындай бастады. Ирландиялықтардың қақпасына қарай алғашқы допты Бақтияр Зайнутдинов соқты, бірақ ол мүлт кетті. Одан соң келесі минуттарда әрі бастапқы таймда "Ақтөбенің" форварды – Максим Самородов көзге түсе білді, ол осы ойынның бірінші голын соғып, Қазақстан құрамасын алға шығарды.

Көзді ашып-жұмғанша ол сары қағаз алып қалды. Себебі симуляция деп көрсетілді. Ал 42-ші минутта Самородов пен Әліп қақпаны голдан қорғап қалды. Иә, қазақстандық ойыншылар ирландиялықтарға есепті теңестіруге мүмкіндік бермеді. Осылайша 1: 0 есебімен командалар үзіліске кетті.


Қасым-Жомарт Тоқаев, футбол, Астана арена, Солтүстік Ирландия, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2023 21:00

Сурет: Instagram/akordapress


Екінші таймның басында-ақ қарсыластарымыз нәтижені теңестіріп кете жаздады, бірақ қақпашымыз Игорь Шацкий өз жұмысын қалтқысыз атқарды. Көп ұзамай гол авторы Максим Самородов жарақат алып, оның орнына Исламбек Қуат алаңға шықты. Ойынның екінші жартысында екі тарап та барын салды, қызықты әрі қауіпті сәттер көп болды, бірақ командалардың ешқайсысы табысқа жете алмады. Осылайша Магомед Адиевтің шәкірттері – 1:0 қорытынды есеппен ойынды аяқтады. 


Осылайша, Қазақстан құрамасы аталған ойындағы жетістіктен кейін өз тобында бесінші турдағы екінші орнына қайта жоғарылады. Алты турдан кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 12 ұпай, ал Солтүстік Ирландияда 3 ұпай бар.

H кіші тобындағы турнир кестесі бүгін кешке болатын тағы екі матч: Финляндия - Дания және Сан-Марино - Словения ойындарынан кейін өзгеруі мүмкін. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: