Жаңалықтар тізбегі
0

Президент әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқанды тарихи жеңісімен құттықтады

ҚР Президенті, Еркін күрестен әлем чемпионы, Еркін күрестен әлем чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2023 09:00 Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті
19 қыркүйек күні таңертең мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңіске жетуімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің құттықтауы Ақорданың Telegram арнасында жарияланды.

"Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет Әлем чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін", – деді президент.

Белградта өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында бұрын-соңды болмаған жетістік тіркелді. 92 келі салмақта еркін күрестен қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан алтын медаль жеңіп алды. Балуандарымыз бұл белесті бұрын бағындырмаған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: