Тоқаев шахматтан жастар арасында әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекті құттықтады

Құттықтау, Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазыбек Нөгербек, шахматтан әлем чемпионы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2024 17:39 Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі, akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шахматтан жастар арасындағы әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекті құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылы 14 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Гандинагар қаласында өткен халықаралық жарыста әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербекке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.


"Ел намысын қорғап, үздік шахматшы ретінде гроссмейстер дәрежесін иеленіп, жеңімпаз атану – зор жетістік. Ұлтымыздың абыройын асқақтататын өзің сияқты алғыр да ақылды ұрпақтың өсіп келе жатқаны қуантады. Алдағы уақытта да жарқын жеңістерге және арман-мақсаттарыңа жете беруіңе тілектеспін", делінген жеделхатта.

Қазыбек Нөгербек 13 маусымда Делиде (Үндістан) өткен шахматшылар арасындағы 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Классикалық шахматтан 11 тур өткізген жас қазақстандық 8,5 ұпай жинады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: