Жаңалықтар тізбегі
0

Азиада-2022: 25 қыркүйекте Қазақстан тағы үш қола медаль иеленді

Эсмигүл Куюлова, Азиада-2022, 25 қыркүйек, Қазақстан, қола медаль, дзюдо, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2023 19:55 Сурет: olympic.kz
ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті 25 қыркүйекте Ханчжоуда (ҚХР) өткен Азия ойындарында өнер көрсеткен қазақстандық спортшылардың аралық нәтижелерін ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін Қазақстан құрамасының өкілдері үш қола медаль еншіледі. 


Никита Чирюкин, Азия ойындары, дзюдо, 25 қыркүйек, қол медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2023 19:55

Сурет: olympic.kz


Атап айтқанда, Никита Чирюкин (оқ ату) және дзюдошылар Эсмигүл Куюлова (63 келіге дейін), Абылайхан Жұбаназар (81 келіге дейін) Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.


Эсмигүл Куюлова, Азиада-2022, 25 қыркүйек, Қазақстан, қола медаль, дзюдо, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2023 19:55

Сурет: olympic.kz


Ерлер арасындағы жағажай волейболында Қазақстан құрамасы жартылай финалға жолдама алды. Онда да ширек финалда Сергей Богату мен Дмитрий Яковлев жерлестері Нұрдос Алдаш пен Кирилл Гуринді сан соқтырды.

Әйелдер арасындағы бокста Наталья Богданова жарыстың бірінші айналымын сәтті еңсеріп, Сауд Арабиясының өкілі Рика Алнаимиді жеңді.

Қазақстандық гандболшылар Азия ойындарын жеңіспен бастады. Біздің спортшылар Өзбекстаннан мықты болып шықты. Әйелдер арасындағы хоккейде Қазақстан құрамасы Таиландқа жол беріп қойды. 

Академиялық ескек есуден әйелдер "төрттігі" бойынша финалдық ойындар өтті. Қазақстандық спортшылар бесінші нәтиже көрсетті.


Абылайхан Жұбаназар, Азия ойындары, дзюдо, қола медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2023 19:55

Сурет: olympic.kz


Ксения Игнатова суға жүзуден Азия ойындарының финалына жолдама алды. Ол 50 метр қашықтықта арқамен жүзуден бақ сынайтын болады. Таеквондошылар Ботагөз Қапанова мен Елдос Ысқақ ¼ финалға дейін жетіп, өкінішке қарай, жарысты осы арадан түйіндеді. 

Үлкен теннисте Қазақстан-1 әйелдер командасы Катар-2-ні айқын басымдықпен жеңді. Жекелей сында Денис Евсеев тиморлық қарсыласын ұтып кетті. 

Су добынан Қазақстан әйелдер командасы алғашқы матчта 12:6 есебімен Сингапур құрамасын жеңді. 

Айта кетсек, бұған дейін Қазақстан құрамасының қоржынында бір күміс, бір қола медаль бар болған. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: