Қазақстан мергендері Ханчжоудағы Азия ойындарында қола жеңіп алды
Сурет: zakon.kz
Ханчжоудағы Азия ойындарында аралас санаттағы пневматикалық мылтықтан 10 метрден ату жарысы аяқталды. Қазақстаннан барған Ислам Сәтбаев пен Александра Ле жұбы үшінші орын иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, медаль үшін күресте Қазақстан құрамасының спортшылары Иран командасын 17:11 есебімен жеңді.
Еске салайық, кеше Никита Чирюкин жылдам атылатын тапаншадан Азиаданың қола медалін жеңіп алған еді.
"Ислам мен Александраны Азия ойындары жүлдесімен құттықтаймын. Олар Ираннан келген қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, тағы да шеберліктерін көрсетті. Отандық оқ ату спорты қарқынды дамып келеді және мұндай жетістіктер осының жарқын дәлелі", – деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript