Жаңалықтар тізбегі
0

Азия ойындарында спортшыларымыз тағы үш бірдей қола жүлдеге ие болды

 Азия ойындары, таэквондо, , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2023 14:07 Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Қытайда өтіп жатқан Азия ойындары аясында таэквондодан Смайыл Дүйсебай, Жансель Дениз және ерлер арасындағы жағажай волейболынан жұптық бәсекеде Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сүйінші жаңалық ҚР Туризм және спорт министрлігінің Telegram арнасында жарияланды.

"Қытайда өтіп жатқан Азия ойындары аясында таэквондодан +80 келіде өнер көрсеткен Смайыл Дүйсебай жартылай финалда қытайлық Жаохианг Сонгке 0:2 есебімен жол беріп, қола жүлдегер атанды".ҚР Туризм және спорт министрлігі
Азия ойындары, Қазақстан спортшылары, таэквондо, ҚР Туризм және спорт министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2023 14:07

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Таеквондодан 67 келі салмақта бақ сынаған Жансель Дениз жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшысы Дабин Лиге 1:2 есебімен ұтылып, 3-орынға ие болды.

Жағажай волейболы, Азиада, Қазақстан спортшылары, қола жүлде, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2023 14:07

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындары аясында ерлер арасындағы жағажай волейболынан жұптық бәсекеде Дмитрий Яковлев/Сергей Богату Иран спортшылары Алиреза Агажанигасаб/Аббас Поурасгариді 2:0 (25:23, 30:28) есебімен ұтты. Еліміздің қоржынына тағы бір қола медаль түсті.

Бүгін 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухра Ирназарова чемпион атанды. Артынша стенд ату турнирінің аралас жұптық сында өнер көрсететін қазақ дуэті Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко алтын медальді жеңіп алғаны белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: