Қазақстандық жұп жағажай волейболынан өтіп жатқан Азия чемпионатының 1/8 финалына шықты

Қазақстандық жұп жағажай волейболынан өтіп жатқан Азия чемпионатының 1/8 финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2024 19:10 Сурет: olympic.kz
Қазақстанның ерлер құрамасының өкілдері Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату Филиппиннің Санта-Роса қаласында жағажай волейболынан өтіп жатқан Азия чемпионатында 1/4 финалға шығу үшін күреседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық жұп топтық кезеңнен сәтті өтті. Отандастарымыз Жапонияға есе жібергенімен, Таиланд пен Аустралия командаларынан басым түсті.

Бұл жеңіс Богату мен Яковлевке Азия чемпионатының плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік берді. 1/8 финалда қазақстандықтар Индонезиядан келген жұппен кездеседі.

Сондай-ақ, плей-оффқа әйелдер жұбы Лаура Қабылбекова мен Надежда Иванченко да шықты. Оларға 1/8 финалға шығу үшін Таиланд командасына қарсы кездесуде жеңіске жету қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: