Адриан Маннарино Астана мен оның халқы және қазақстандық теннисшілер туралы айтты
Адриан Маннарино. Сурет: ktf.kz
Astana Open ATP 250 турнирінде өнер көрсетіп жатқан франциялық теннисші Адриан Маннарино Астана мен оның халқы, қаладағы барлар мен дәмханалар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол бұл турнирге осымен үшінші рет қатысып отыр.
"Бірінші жылы біз қонақүйден шықпадық, локдаун болды. Кейінірек оралғанда ғана қаланы аралауға мүмкіндік туды. Мұндағы бар мен дәмханаларды аралап, ләззат алдым. Халық өте жылы қарсы алды. Астанада өткізген уақыт ең жақсы кез болды деп айта аламын", - деді ол баспасөз мәслихатында.
Ол сонымен бірге қазақстандық теннисшілер туралы да ойын айтты.
"Бубликпен жақсы доспыз. Онымен биыл бірнеше рет ойнадық. Ол өте жақсы ойыншы. Онымен ойнаған әрдайым көңілді. Бұған қоса, ол салмақты қарсылас. Ара-тұра бірге жаттығып тұрамыз. Сонымен бірге Михаил Кукушкинді де жақсы білемін. Ол да жақсы ойыншы. Бірнеше рет шеберлік байқасып көрдік. Екеуіміз құрдаспыз. Алғаш 20 жасымызда бірге ойнағанбыз. Содан бері 15 жыл өтіпті".Адриан Маннарино
Айта кетейік, жарыстың алтыншы ракеткасы болып тіркелген франциялық Адриан Маннарино 1 қазанда Astana Open турнирінің ширек финалында ойнайды. Оның қарсыласы турнирдің іріктеу кезеңдерінен сүрінбей келе жатқан Юрий Родионов болмақ.
Адриан Маннарино алғашқы айналымда өз отандасы Артур Риндеркнешті, екінші кезеңде ресейлік Әлібек Качмазовты жеңді.
Ол сонымен бірге отандасы Грегуар Баррермен бірге Astana Open турнирінің жұптық сындағы алғашқы матчында қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Даниил Голубевті екі сетте ұтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript