Рыбакинаның қарсыласы анықталды. Қазақстан спортшысына performance bye тағы бұйырмады
Жарысқа Қазақстанның үш өкілі қатысады: Елена Рыбакина, Анна Данилина және Юлия Путинцева. Еліміздің алғашқы ракеткасы Рыбакина Бейжіңде өз ойынын бірінші айналымынан бастайтын болды. Елена бесінші нөмір алды. Бастапқы матчта ол Азия ойындарының қазіргі чемпионы қытай теннисшісі Чжэн Циньвэньмен ойнайды.
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева өз ойынын біліктілік кезеңінен бастайды. Ол ресейлік Элина Аванесянмен кездеседі.
Анна Данилина ресейлік Александра Пановамен бірге жұптық сында өнер көрсетеді.
Токиодағы (Жапония) WTA-500 турнирінің жартылай финалистері, ресейліктер Анастасия Павлюченкова мен Вероника Кудерметова, сондай-ақ америкалық Джессика Пегула мен Греция өкілі Мария Саккари екінші айналымға тікелей жолдама (performance bye) алды.