Жаңалықтар тізбегі
0

Рыбакинаның Berlin open турниріндегі келесі қарсыласы белгілі болды

Елена Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2023 01:40 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Берлинде (Германия) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің екінші айналымда кіммен ойнайтыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келесі кездесуде Рыбакина бірінші айналымда ресейлік Варвара Грачеваны 6:3, 6:2 есебімен жеңген хорватиялық теннисші, әлемнің 23-ракеткасы Донна Векичпен ойнайды.

Айта кетейік, Донна Векич Australian Open 2023 турнирінде ширек финалға дейін жетіп, Беларусь теннисшісі, сол турнирдің жеңімпазы Арина Соболенкодан жеңілді.

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина Берлиндегі WTA 500 турнирін сәтті бастағанын хабарлаған едік. Қазақстандық теннисші бірінші айналымда ресейлік Полина Кудерметованы жеңді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: