Юлия Путинцева Бейжің WTA 1000 турнирінің фаворитін жеңіп, екінші айналымға шықты

Юлия Путинцева, Бейжің WTA 1000 турнирі, теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2023 15:53 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның екінші, әлемнің 73-ракеткасы Юлия Путинцева Бейжің WTA 1000 турнирінің бірінші айналымында чех теннисшісі Мария Боузковамен (әлемдік рейтингте 30-орын) шеберлік байқасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жекпе-жектің фавориті саналғанына қарамастан чех спортшысын Юлия Путинцева екі сетте: 6:2, 7:6 (7:5) есебімен жеңіп кетті. 

Енді Юлия Путинцева 1/8 финалға шығу үшін әлемнің 10-ракеткасы, француз теннисшісі Каролин Гарсия немесе рейтингте 88-орында тұрған украиналық Катерина Байндлдің біреуімен бақ сынасатын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: