Қазақстандық ескекшілер Азиаданың алтынына ие болды
Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Қазақстан құрамасының мүшелері Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов жұбы 500 метрге каноэде ескек есуден алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, біздің ескекшілер Жапония құрамасынан (1:49.237) және Ираннан келген жұптан (1:50.486) озып кетті.
Бұл Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына түскен төртінші алтын медаль.
"Тимур мен Сергейді жеңісімен құттықтаймын! Күрес қиын болды, бірақ біздің ескекшілер бәсекелестерден озып үлгерді. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамын. Ел сіздерді мақтан тұтады!"– деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Байдаркада және каноэде есуден Шмелева Ольга мен Подойникова Ирина жұбы Азия ойындарының күміс меделін жеңіп алды. Одан соң дәл осы жарыста Бровкова Мария мен Искакова Руфина жұбы да күміс алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript