Ағайынды ескекшілер Қазақстан қоржынына тағы бір күміс жүлде салды

Азиада, байдарка есу, каноэ есу, ескекші, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2023 09:39 Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің 3 қазан күні хабарлауынша, ағайынды Сергей және Тимофей Емельяновтар байдарка және каноэ есуден жұптық жарыстың күміс жүлдегері атанды.

"Байдаркада және каноэде ескек есуден жұптық жарыстың MС2 1000 м бағдарламасында өнер көрсеткен отандастарымыз 3:49 уақыт көрсеткішімен 2-келді", – делінген хабарламада.

Ал байдарка мен каноэ есуден әйелдер арасындағы жекелей сайыста бақ сынаған спортшымыз Мария Бровкова 200 метрді 49,368 секундта бағындырып, үшінші орынға ие болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: