Велошабандоз Алексей Луценко Қазақстанға Азия ойындарының бесінші алтынын алып берді

Азия ойындары, велоспорт, веложарыс, велошабандоз, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2023 14:00 Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Алексей Луценко Азия ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, тас жолдағы веложарыста сынға түскен Қазақстан құрамасының көшбашысы 48:05:75 уақыт көрсеткішімен Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың алтынын еншіледі

Осыған дейін, Алексей 2014 жылы Инчхонда және 2018 жылы Джакартада жеңімпаз атанған еді.

Сонымен әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында бес алтын, тоғыз күміс және 29 қола медаль бар.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: