Таразда "Жұлдызды футбол" ойыны ұйымдастырылды
Сурет: Тараз қаласының әкімдігі
Футболда "Тараз жұлдыздары" мен "Жайдарман" құрамалары өзара бәсекеге түсті. "Жайдарман" құрамасында жұлдызды жайдарманшылар, жайдарман ойындарының чемпиондары, қазіргі жастар арасында танымал әншілер, блогерлер, актер және қоғам белсенділері қатысты.
Жұлдызды "Жайдарман" құрамасына қарсы "Тараз жұлдыздары" құрамында Әулиеата өңірінің медиа жұлдыздары, спорт және мәдениет саласында жүрген өнерпаздар, әнші, блогер, жайдарман жастары өнер көрсетті.
Алғаш рет ұйымдастырылған футбол матчында қала әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов сөз алып, құттықтау лебізін арнады.
Жұлдызды футбол матчы аясында концерттік бағдарлама, ұтыс ойындары ұйымдастырылды. Аса қызық өткен "Шоу матчты" тамашалауға келген көрермен қауымының қарасы қалың болды. Тартысты өткен ойында "Тараз жұлдыздары" құрама командасы 5:2 есебімен жеңіске жетті. Тараз, жеңіс құтты болсын!



